Қазақстан мен Ұлыбритания авиация саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Фото: t.me/caa_kaz Астанада Қазақстан мен Ұлыбритания өкілдері азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. 7–8 қазанда елордада әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу, жаңа технологияларды енгізу және халықаралық әріптестікті кеңейтуге арналған Central Asia MRO халықаралық іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара аясында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастыққа арналған пленарлық сессия ұйымдастырылды. Жиынды ҚР […]

Қазақстанда Авиациялық зерттеулер ғылыми-зерттеу институты ашылды

Фото: Азаматтық авиация академиясы Алматыдағы Азаматтық авиация академиясының базасында Авиациялық зерттеулер ғылыми-зерттеу институты ашылды. Жаңа институт азаматтық авиацияның өзекті мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешіп, жаңа технологияларды салаға енгізуге бағытталған. ҒЗИ Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Көлік министрлігінің қолдауымен құрылды. Негізгі мақсат – отандық ғылыми мектептердің, зертханалардың және авиация саласының мүмкіндіктерін біріктіріп, қолданбалы зерттеулер жүргізу. […]

Қазақстан ICAO симпозиумында биометриялық технологияларды енгізу тәжірибесін таныстырды

Фото: t.me/caa_kaz Қазақстан өкілдері Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы (TRIP) аясында өткен XXI симпозиумда ел әуежайларындағы биометриялық технологияларды қолдану тәжірибесі туралы баяндады. Іс-шараға ICAO Кеңесінің президенті Тошиюки Онума, 70 елдің, жеті халықаралық ұйымның және авиация саласындағы халықаралық компаниялардың өкілдері кірген 600-ден астам делегат қатысты. Қазақстан атынан ICAO жанындағы тұрақты өкіл Тимур Тлегенов […]

Қазақстанда FAA-ның IASA бағалауы басталады

Фото: t.me/kolikpress 21–25 қыркүйек аралығында Қазақстанда АҚШ Федералдық авиация әкімшілігінің (FAA) Халықаралық авиациялық қауіпсіздікті бағалау (IASA) жұмысы өтеді. Бағалау Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашуға дайындық аясында жүргізіліп жатыр. FAA сарапшылары Қазақстанның авиациялық билігінің ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау жүйесін және оның ИКАО стандарттарына сәйкестігін бағалайды. Бағалау барысында авиациялық заңнама, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы, […]

Қазақстанда авиацияға инвестиция тартудың жаңа тетіктері талқыланды

Фото: t.me/kolikpress Астанада Astana Finance Days 2026 халықаралық қаржы форумы аясында Қазақстан мен Орталық Азиядағы авиация саласын қаржыландыру мәселелері талқыланды. «Қазақстан мен Орталық Азиядағы авиациялық қаржыландырудың ашылмаған әлеуеті» тақырыбындағы сессияға авиация, банк және инвестиция салаларының өкілдері қатысты. Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Қазақстанның өңірдегі авиациялық позициясын күшейту үшін бірқатар бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. […]

Азаматтық авиация академиясының курсанттары Петропавлда ұшу практикасын бастады

Азаматтық авиация академиясының курсанттары Петропавл қаласында ұшу практикасын бастады. Олар қалалық әуежай базасында оқу-жаттығу ұшуларын орындап жатыр. Бірнеше күн бұрын курсанттар Петропавл әуежайында практикалық сабақтарға кіріскен. Қазір олар төрт орындық екі заманауи ұшақта ұшу дағдыларын меңгеріп жатыр. Оқу бағдарламасына белгіленген бағыттар бойынша ұшу, пилотаж аймақтарында жаттығу, сондай-ақ визуалды және аспаптық тәсілдермен қону кіреді. Курсанттар түнгі […]

Қазақстанда авиациялық оқиғаларды тергеу жүйесі жетілдіріледі

Фото: t.me/caa_kaz Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен Көлік оқиғалары мен инциденттерін тергеп-тексеру орталығы авиациялық қауіпсіздікті күшейту және әуе оқиғаларын тергеудің ұлттық жүйесін жетілдіру туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Бас атқарушы директоры Майкл Дэниел мен Көлік оқиғалары мен инциденттерін тергеп-тексеру орталығы басқармасының төрағасы Дархан Қатышев қол қойды. Меморандум аясында екі ұйым авиациялық оқиғалар мен инциденттерді […]

Премьер-министр Олжас Бектенов авиация саласын цифрландыру жұмыстарының барысымен танысты

Фото: t.me/KZgovernment Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің көлік саласын цифрландыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Оған авиациядағы шекаралық бақылауды автоматтандыруға және әуе бағыттарын жоспарлауға арналған отандық цифрлық шешімдер таныстырылды. Қазір Қазақстанның 11 өткізу пунктінде, оның ішінде Астана мен Алматы халықаралық әуежайларында 54 Q-Gate биометриялық терминалы жұмыс істеп тұр. Жүйе жолаушыларды бет биометриясы мен төлқұжаты арқылы тексеріп, рәсімді […]

Павлодар әуежайы қайта жанданды: Астанаға алғашқы рейс орындалды

Фото: t.me/kolikpress Павлодар әуежайындағы ұшу-қону жолағын реконструкциялау аяқталып, қалаға тұрақты әуе қатынасы қайта жанданды. Жаңғырту жұмыстары аясында ұшу-қону жолағының ені 45 метрден 60 метрге дейін кеңейтілді. Бұл әуежайдың заманауи әуе кемелерін қабылдау мүмкіндігін арттырып, ұшу қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді. Бүгін жаңартылған әуежайдан алғашқы рейс Астана бағытына орындалды. Астана – Павлодар – Астана бағыты бойынша рейсті іске […]

«Әуежайлардың жұмысындағы инновациялық басқару шешімдері жөніндегі халықаралық конференция»

Мамыр айының 28-29 жұлдызында ұйымымыздың өкілдері Мәскеуде өткен «Әуежайлардың жұмысындағы инновациялық басқару шешімдері» атты халықаралық конференцияға Азаматтық авиация әуежайлары қауымдастығының шақыруымен қатысты. Іс-шара келесі құрылымдардың қолдауымен ұйымдастырылды: Конференцияға әуежай басшылары, салалық ведомстволардың, қауымдастықтардың және ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты. Іскерлік бағдарлама аясында қатысушылар авиация саласының қазіргі заманғы сын-тегеуріндері мен даму келешегін, цифрландыру мәселелерін, басқару тиімділігін арттыру […]