Самарқандта Орталық Азия мен Катардың авиациялық билік басшыларының кездесуі өтті

Самарқандта (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Катардың авиациялық билік басшыларының көпжақты кездесуі өтті. Қазақстан атынан ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева қатысты. Кездесудің негізгі тақырыбы әуе көлігінің экономикалық дамуы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, әлеуетті арттыру және тиімділікті арттыру жөніндегі бастаманы талқылау, сондай-ақ әуе көлігі саласындағы қолданыстағы халықаралық уағдаластықтарды нығайту болды. Осы кездесудің […]

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Юсуф Рашед Мохаммед Әлжаудер арасында кездесу өтті

2024 жылғы 1 қазанда Қазақстанның Азаматтық авиация қауымдастығы ЗТБ-нің Президенті Ғабит Тәжімұратов пен «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Юсуф Рашед Мохаммед Әлжаудер арасында кездесу өтті. Құрылымды диалог барысында елорда әуежайы мен Қауымдастықтың одан әрі ынтымақтастығы жөніндегі қысқа мерзімді жоспарлар талқыланды. Қауымдастық Астана қаласының әуежайымен ынтымақтастықтың кеңейе түсетініне және Қазақстанның авиация саласын тұрақты дамыту […]

Көлік министрлігінің Қоғамдық кеңесі көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және экспедиторлық қызметті лицензиялау мәселелерін қарастырды

Көлік министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысында көліктік бақылау және экспедиторлық қызметті лицензиялау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды Талқылауға Министрліктің, «ҚТЖ «ҰК» АҚ және көліктік бақылаудың аумақтық инспекцияларының өкілдері қатысты. Қоғамдық кеңес мүшелері мәселелердің өзектілігін, сондай-ақ автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінде және оның аумақтық инспекцияларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады. Қоғамдық кеңес мүшелері […]