Қазақстан мен Таиланд астаналары арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Фото: depositphotos.com

2026 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Астана мен Бангкок арасында тікелей әуе рейстері іске қосылады. Рейстерді «Air Astana» әуе компаниясы аптасына екі рет Airbus A321LR ұшақтарымен орындауды жоспарлап отыр.

Жаңа бағыттың ашылуымен Қазақстан мен Таиланд арасындағы әуе қатынасы аптасына 20 рейске дейін ұлғаяды. Қазір екі ел арасында үш бағыт бойынша тұрақты рейстер орындалады.

Атап айтқанда, «Air Astana» Алматы – Пхукет бағыты бойынша аптасына 7 рейс, Алматы – Бангкок бағыты бойынша 6 рейс орындайды. Thai AirAsia X Алматы – Бангкок бағыты бойынша аптасына 3 рейс жүзеге асырады. Ал SCAT әуе компаниясы Шымкент – Бангкок бағыты бойынша аптасына 2 рейс орындайды.

Астана – Бангкок бағытының іске қосылуы екі елдің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын қамтамасыз етіп, туристік және іскерлік сапарларға қосымша мүмкіндік береді.

ПОДЕЛИТЬСЯ