Қазақстан мен Ұлыбритания авиация саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Фото: t.me/caa_kaz Астанада Қазақстан мен Ұлыбритания өкілдері азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. 7–8 қазанда елордада әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу, жаңа технологияларды енгізу және халықаралық әріптестікті кеңейтуге арналған Central Asia MRO халықаралық іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара аясында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастыққа арналған пленарлық сессия ұйымдастырылды. Жиынды ҚР […]
Қазақстанда Авиациялық зерттеулер ғылыми-зерттеу институты ашылды

Фото: Азаматтық авиация академиясы Алматыдағы Азаматтық авиация академиясының базасында Авиациялық зерттеулер ғылыми-зерттеу институты ашылды. Жаңа институт азаматтық авиацияның өзекті мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешіп, жаңа технологияларды салаға енгізуге бағытталған. ҒЗИ Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Көлік министрлігінің қолдауымен құрылды. Негізгі мақсат – отандық ғылыми мектептердің, зертханалардың және авиация саласының мүмкіндіктерін біріктіріп, қолданбалы зерттеулер жүргізу. […]
Қазақстан мен Таиланд астаналары арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Фото: depositphotos.com 2026 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Астана мен Бангкок арасында тікелей әуе рейстері іске қосылады. Рейстерді «Air Astana» әуе компаниясы аптасына екі рет Airbus A321LR ұшақтарымен орындауды жоспарлап отыр. Жаңа бағыттың ашылуымен Қазақстан мен Таиланд арасындағы әуе қатынасы аптасына 20 рейске дейін ұлғаяды. Қазір екі ел арасында үш бағыт бойынша тұрақты рейстер орындалады. Атап […]
Қазақстан ICAO симпозиумында биометриялық технологияларды енгізу тәжірибесін таныстырды

Фото: t.me/caa_kaz Қазақстан өкілдері Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы (TRIP) аясында өткен XXI симпозиумда ел әуежайларындағы биометриялық технологияларды қолдану тәжірибесі туралы баяндады. Іс-шараға ICAO Кеңесінің президенті Тошиюки Онума, 70 елдің, жеті халықаралық ұйымның және авиация саласындағы халықаралық компаниялардың өкілдері кірген 600-ден астам делегат қатысты. Қазақстан атынан ICAO жанындағы тұрақты өкіл Тимур Тлегенов […]
FAA сарапшылары Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін бағалауды аяқтады

Фото: t.me/caa_kaz АҚШ Федералдық авиация әкімшілігінің (FAA) сарапшылары Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігіне қатысты халықаралық бағалауды (IASA) аяқтады. Бағалау 21–25 қыркүйек аралығында жүргізілді. IASA аясында америкалық мамандар Қазақстанның авиациялық билігінің ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау жүйесін, авиациялық заңнаманы және нормативтік-құқықтық базаны қарастырды. Сондай-ақ оның ИКАО стандарттары мен ұсынылатын тәжірибесіне сәйкестігі бағаланды. 24 қыркүйекте FAA сарапшылары Астанада Air Astana […]
Қазақстанда FAA-ның IASA бағалауы басталады

Фото: t.me/kolikpress 21–25 қыркүйек аралығында Қазақстанда АҚШ Федералдық авиация әкімшілігінің (FAA) Халықаралық авиациялық қауіпсіздікті бағалау (IASA) жұмысы өтеді. Бағалау Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашуға дайындық аясында жүргізіліп жатыр. FAA сарапшылары Қазақстанның авиациялық билігінің ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау жүйесін және оның ИКАО стандарттарына сәйкестігін бағалайды. Бағалау барысында авиациялық заңнама, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы, […]
Әуежайларда ерекше қажеттілігі бар жолаушыларға жағдай жасау мәселесі талқыланды

Фото: t.me/caa_kaz ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінде ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін әуежай инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Жиынға Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, әуежайлардың өкілдері және қолжетімді орта қалыптастыру саласындағы мамандар қатысты. Талқылау барысында жолаушының әуежайға кіргеннен бастап қажетті рәсімдерден өтіп, қызметтерді алуына дейінгі барлық кезең қамтылды. Атап айтқанда, арнайы тұрақ орындары, тұрақтан терминалға дейінгі жолдар, […]
Қазақстанда авиацияға инвестиция тартудың жаңа тетіктері талқыланды

Фото: t.me/kolikpress Астанада Astana Finance Days 2026 халықаралық қаржы форумы аясында Қазақстан мен Орталық Азиядағы авиация саласын қаржыландыру мәселелері талқыланды. «Қазақстан мен Орталық Азиядағы авиациялық қаржыландырудың ашылмаған әлеуеті» тақырыбындағы сессияға авиация, банк және инвестиция салаларының өкілдері қатысты. Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Қазақстанның өңірдегі авиациялық позициясын күшейту үшін бірқатар бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. […]
Азаматтық авиация академиясының курсанттары Петропавлда ұшу практикасын бастады

Азаматтық авиация академиясының курсанттары Петропавл қаласында ұшу практикасын бастады. Олар қалалық әуежай базасында оқу-жаттығу ұшуларын орындап жатыр. Бірнеше күн бұрын курсанттар Петропавл әуежайында практикалық сабақтарға кіріскен. Қазір олар төрт орындық екі заманауи ұшақта ұшу дағдыларын меңгеріп жатыр. Оқу бағдарламасына белгіленген бағыттар бойынша ұшу, пилотаж аймақтарында жаттығу, сондай-ақ визуалды және аспаптық тәсілдермен қону кіреді. Курсанттар түнгі […]
Қазақстан алғаш рет ИКАО-ның Авиациялық қауіпсіздік апталығын қабылдайды

Фото: gov.kz Астана 20–22 қазанда халықаралық авиациялық қауіпсіздік саласындағы ірі іс-шаралардың біріне айналады. Осы күндері елордада Қазақстанның қолдауымен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы өтеді. Іс-шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылмақ. Оған авиациялық әкімшіліктердің басшылары, реттеуші органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдар, сала мамандары мен сарапшылар қатысады. Авиациялық қауіпсіздік апталығы биыл «Күрделі әлемдегі қауіпсіз аспан: баршаға арналған авиациялық […]