Ақтау әуежайы базасында заманауи авиациялық хаб салынады

Фото: t.me/kolikpress

Маңғыстау өңірінің транспорттық әлеуетін жаңа белеске көтеретін ауқымды бастама қолға алынды.

Ақтау әуежайы базасында мультимодальды логистикалық және авиациялық хаб құру жобасы қаралып, Премьер-министр Олжас Бектенов жауапты органдарға оны сапалы әрі уақытылы жүзеге асыруды тапсырды.

Бұл бірегей кешен әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді (MRO), әуе жүк тасымалын дамытуды, отандық авиация мамандарын даярлауды және өңірдің логистикалық инфрақұрылымын кешенді нығайтуды қамтиды.

Фото: t.me/kolikpress

Жоба толық іске қосылғанда жыл сайын 200-ден астам әуе кемесіне сапалы техникалық қызмет көрсетіліп, 60-қа дейін ұшақ заманауи үлгіде боялатын болады.

Ең бастысы, өңірде 3,5 мыңға жуық тұрақты әрі жоғары білікті жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Үкімет басшысы Олжас Бектенов атап өткендей, бұл стратегиялық жоба Қазақстанның әуе транзиті мен техникалық қызмет көрсету саласындағы бәсекеге қабілеттілігін едәуір артырып, азаматтық авиацияның орнықты әрі жарқын болашағына қуатты серпін береді.

ПОДЕЛИТЬСЯ